Заң жобасын Қырғызстан мәдениет, ақпарат және туризм министрлігі дайындаған.
Заңгерлер мәліметінше, 2010 жылы Қырғызстан заңнамаларында жала жабу мен балағаттауға қылмыстық жауапкершілік алып тасталған. Сол кезде мұндай өзгеріс сөз еркіндігіне жол ашатын демократиялық қадам деп танылған.
Қоғамдық қор өкілдерінің айтуынша, ақпарат министрлігі жәбірленушінің арызынсыз-ақ айыппұл салуды көздейді, ал қаржы мемлекетке түседі. «Мұндай жағдайда мемлекет қазынаны жәбірленушінің есебінен толтыратын болып шығады» дейді заңгерлер.
Заң жобасына сәйкес, БАҚ немесе интернет сайттар арқылы кісінің ар-ожданына тиген жеке тұлғаларға 7500 сом, ал заңды тұлғаларға 28 мың сом айыппұл қарастырылған.
Құжат үкімет басшысы Ақылбек Жапаровтың тапсырысымен дайындалған.