28 наурызда екі елдердің үкіметтері арасындағы келісім жобасы тәжік парламентінің төменгі палатасына жолданды. Азаттықтың Тәжік қызметі құжаттың көшірмесімен танысып шықты.
Келісім жобасында айтылғандай, Түркия бюджетінен Тәжікстан қарулы күштері сапындағы жауынгерлерді жаттықтыруға 2 млн лира бөлінеді.
Жауынгерлер Түркия қарулы күштерінің құрамымен бірге осы елдегі оқу орталықтарында жаттығады. Анкара тәжікстандықтардың жолақысын, жатын орынын және тамағын да көтереді.
Душанбе мен Анкара арасындағы келісім мерзімі – бес жыл.
Орталық Азия елдері жауынгерлерін шетелде жиі жаттықтырады. Тәжік офицерлері халықаралық келісімдер аясында Қазақстан мен Ресейде де оқиған.