Ссылки доступа

Ташкенттің Бурджар каналында үш адам суға батып кетті


Ташкенттің Чиланзар ауданындағы Бурджар каналына үш адам суға батып кетті. Бұл жөніндегі жергілікті Renessans TV телеканалы хабарлады.

Мәліметке қарағанда, апат 10 сәуірде болған. Куәләрдің сөзінше, су жиегінде ойнап жүрген бес жастағы бала каналға түсіп кеткен. Оны құтқару үшін суға секірген әйел де батып, оларға көмек беруге әрекет еткен ер адамды да су ағызып әкеткен.

Ташкент қалалық төтенше жағдайлар басқармасы құтқарушылар бес жастағы бала мен әйелдің денесін тапқанын, ер адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG