Ссылки доступа

Ташкентте «Орталық Азия – Шығанақтағы араб елдері әріптестігінің кеңесі» кездесуі өтеді


Өзбекстан астанасында 15 сәуірде «Орталық Азия – Шығанақтағы араб елдері әріптестігінің кеңесі» стратегиялық диалогы сыртқы істер министрлерінің екінші кездесуі өтеді.

Форумға Орталық Азия елдері – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Парсы шығанағының елдері – Бахрейн, Катар, Кувейт, БАӘ, Оман, Сауд Арабиясы делегациялары қатысады.

Стратегиялық диалогтың алғашқы басқосуы 2023 жылғы шілдеде Джиддада өткен. Саммит 2025 жылы Самарқанда ұйымдастырылады.

Форум қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданады.

XS
SM
MD
LG