Ссылки доступа

Қырғызстан СІМ Мәскеудегі елшілік кеңесшісінің үйін полиция тексергені туралы мәлімдеме таратты


Қырғызстан СІМ ғимараты
Қырғызстан СІМ ғимараты

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Мәскеудегі елшілікте кеңесші болып істейтін азаматтың үйін полиция тексергені туралы мәлімдеме таратты.

Министрлік дерегінше, 12 сәуірде Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің консулдық департаментінде Ресей елшілігінің консулы Андрей Бурьевпен кездесу өтті. «Жүздесу барысында қырғыз жағы Ресей ішкі істер органдары қызметкерлерінің Мәскеудегі елшілік қызметкерінің үйіндегі әрекетін сынады» деп хабарлады СІМ.

Министрлік осы жағдайға орай тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапқа тарту керек деп есептейді.

Бурьевтің айтуынша, Ресей СІМ қырғыз жағының ресми наразылық нотасын алған. Соның негізінде тексеру жүріп жатыр.

Мәскеуде полицияның екі қызметкері қырғыз елшілігінің кеңесшісі Манас Жолдошбековтің үйіне заңсыз кіргені туралы мәліметті ВЧК-ОГПУ телеграм-арнасы хабарлаған.

Орталық Азия елдерінің Ресейде жұмыс істейтін азаматтарын полиция қатаң тексеріп жатыр. Еңбек мигранттарын тексеру 22 наурызда «Крокустағы» шабуылдан кейін күшейген.

XS
SM
MD
LG