Ссылки доступа

Сириядағы содырларға қосылған өзбек азаматына іздеу жарияланды


Сириядағы діни экстремистік қозғалысқа мүше болған өзбек азаматына іздеу жарияланды. Бұл туралы Ташкент қалалық милициясы хабарлады.

Мәліметке қарағанда, 1990 жылы Ташкент қаласында туған Миролим Ульмасов 2018 жылы Түркияға жұмысқа кетіп, «Хайят Тахрир аш-Шам» террористік ұйымына қосылу үшін Сирияға өткен. Ол сол елде әскери қимылдарға қатысқан.

Миролим содан бері отбасымен байланысқа шықпаған. 2020 жылы ол сыныптасымен Telegram мессенджері арқылы сөйлесіп, Сирияда жүргенін растайтын сурет жолдаған.

2020 жылы Миролим Ульмасов «Жиһадшылар» діни экстремистік қозғалысының мүшесі ретінде тіркелген. Ташкент қалалық милициясы оған іздеу жариялаған.

XS
SM
MD
LG