Ссылки доступа

Өзбекстан Израильдегі азаматтарына мұқият болуға шақырды


Өзбекстанның Израильдегі елшілігі осы елде жүрген азаматтарына үндеу жасады.

"Қазіргі күндері жеке бас қауіпсіздігіне қауіп төніп тұрған жағдайда, тұратын жеріңізден ешқайда кетпеуіңізді сұраймын", - деп айтылады елшілік мәлімдемесінде.

Иран жексенбіге қараған түні Израильге дрондар және зымырандармен шабуыл жасады.

Иран Израильге қарай жүздеген камикадзе-дрондарын ұшырды. Бұл туралы Израильдің қорғаныс күші – ЦАХАЛ мәлімдеді. Дрондар бірнеше толқынмен ұшырылған. Кейін қанатты және баллистикалық зымырандар қолданылғаны хабарланды.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху сенбі күні үндеу жасап, Иранның шабуылына дайын екенін жеткізген. Ол Израиль тұрғындарын ішкі күштің бұйрықтарын орындауға шақырып, егер Иран Израильге шабуыл жасаса, оның салдары болатынын ескерткен.

XS
SM
MD
LG