Ссылки доступа

Тәжік-ауған шекарасында жеті контрабандашының өлтірілгені хабарланды


Ауғанстанның Тахар провинциясындағы жергілікті дереккөз жеті ауған азаматы Тәжікстанға заңсыз кіруге әрекет еткен кезде тәжік шекарашылары тарабынан өлтірілгені хабарланды.

Ақпаратқа қарағанда, оқиға 9 сәуірге қараған түні тәжік-ауған шекарасының Чах-аб аймағында орналасқан жерінде болған.

Әзірге бұл ақпаратты тәжік тарап та, ауған тарабы да растамады. "Хашти субх" басылымы Тахардағы жергілікті дереккөзге сілтеме жасап, қаза болғандар Тахар және Бадахшан провинцияларының тұрғындары екенін жазды.

Шамамен ол есірткі тасымалымен айналысқан.

Өлтірілгендердің аты-жөні әзірге белгісіз.

Ауғанстаннан Тәжікстанға есірткі тасымалдау – Душанбені алаңдадатын мәселелердің бірі. Тәжікстан Ауғанстанға тәліптер келгелі бері есірткі контрабандасы көбейгенін айтады.

Өз кезегінде тәліптер 2023 жылы есірткі затына тыйым салынғаннан кейін Ауғанстанда апиын өсіру 95 пайызға қысқарғанын мәлімдеген. Тәжікстан мен Ауғанстанды Панж дариясы бөліп тұрады, бірақ бүтін шекара сызығын бойлай контрабандашылар қолданатын учаскелер бар.

Тәжікстан таратқан ресми мәлімет бойынша, былтыр шекарадан 5 тоннаға жуық есірткі тәркіленген.

XS
SM
MD
LG