Ссылки доступа

Тәжікстанда парламентке өткен саяси партиялар мемлекет есебінен қаржыландырылады

Тәжікстандағы алты саяси партияның жетекшілері
Тәжікстандағы алты саяси партияның жетекшілері

Тәжікстандағы саяси партиялар мемлекеттік қаржылай көмегін ала алады. 11 сәуірде парламент депутаттары «Саяси партиялар туралы» заңға өзгертулерді қабылдады.

Әділет министрі Мұзаффар Ашуриённің хабарлауынша, мақсат – «көппартиялы жүйені нығайту, саяси партиялар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, демократиялық ел мәртебесін көтеру».

«Саяси партиялар туралы» заң мәтіні әлі жарияланған жоқ, бірақ әділет министрінің айтуынша, парламентке өткен партиялар ғана мемлекет көмегін ала алады.

Тәжікстан парламентіндегі көп орынды билік басындағы Халық-демократиялық партиясы, сонымен бірге биліктің сөзін сөйлейтін бес партия иемденген. Елдегі жалғыз оппозициялық партия – Социал-демократиялық партиясы сайлауларда қажетті межені еңсере алмай келеді.

Тәжікстанда жеті саяси партия ресми түрде тіркелген. Олардың бірқатары өзін билікке оппозициямыз дейді, бірақ шетелде тұратын оппозиция өкілдері оларды «билік ақшасынан дәмелі партиялар» деп атайды.

XS
SM
MD
LG