Ссылки доступа

Бішкек әкімінің орынбасары қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды


Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті Бішкек әкімінің орынбасары «С.М.Ш.»-ны қала орталығындағы заңсыз коммерциялық нысандар құрылысына қолдау көрсетті деген күдікпен ұстады. Бұл туралы ҰҚМК-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу нұсқасы бойынша, әкімнің орынбасары «кәсіпкерлерге заңсыз преференциялар беру арқылы жемқорлық жүйесін ұйымдастырған».

«С.М.Ш.» қала орталығында әрекеті күмәнді кәсіпкерге коммерциялық нысан құрылысына жер бөліп беру арқылы құзыретін асыра пайдаланған. Жердің нарықтағы бағасы 200 мың доллардан асады» деп хабарлады арнайы қызмет.

Мәліметтерге қарағанда, осы іс аясында әкім орынбасары «С.М.Ш.» мен кәсіпкер «Т.Б.М.» ұсталған.

Айта кетерлік жайт, құрылыс нысанына берілген жерде бұның алдында саябақ салынған. Оның құрылысына жергілікті бюджеттен 17 млн сомнан астам қаржы бөлінген, бірақ кейін арнайы қызмет шығын асырып көрсетілгенін анықтаған.

БАҚ мәліметінше, ұсталған әкім орынбасары – Мақсатбек Сазықұлов. Ол Бішкектің көлік және құрылыс салаларын басқарады. Сазықұлов бұл қызметке 2021 жылғы қыркүйекте тағайындалған.

Қала әкімінің орынбасары Мақсатбек Сазықұлов бір айға қамауға алынды. Бұл туралы қырғыз астанасының 1-май аудандық соты хабарлады.

XS
SM
MD
LG