Ссылки доступа

Тәжікстан Түркия азаматтары үшін виза режимін енгізбек


Тәжікстан Түркия азаматтары үшін виза режимін енгізеді. 2021 жылдан бері түркиялықтар Тәжікстанда 30 күнге дейін визасыз жүре алған.

Озоди радиосы Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің өкіліне сілтеме жасап хабарлағандай, виза режимі 20 сәуірден бастап күшіне енеді.

"Түркия азаматтары тәжік визасын Тәжікстанның шетелдегі елшіліктерінен және консулдықтарынан ала алады", – деді СІМ өкілі.

Биыл 5 сәуірде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Тәжікстан азаматтары үшін визасыз режимді жоятын жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес, тәжікстандықтар үшін виза режимі 20 сәуірде күшіне енеді.

Түркия президенті жарлығында виза режимін кіргізу себебін түсіндірген емес. Бірақ бірқатар ресейлік басылымдар бұл шешімді тәжік азаматтары күдікті болып жатқан Ресей және Түркиядағы терактілермен байланыстырады.

Екі ел арасында визасыз режим 2018 жылы енгізілген.

XS
SM
MD
LG