Ссылки доступа

Тәжікстанда бесінші қабаттың терезесінен түспек болған жігіт қаза болды


Махмадкарим Эмомали
Махмадкарим Эмомали

Тәжікстанның Вахдат қаласында 24 жастағы душанбелік Махмадкарим Эмомали бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен түсуге әрекет еткен кезде қаза болды.

Куәләр мен оның жақындары ол "әскерге күшпен алып кетуге келгендерден қашқан болуы мүмкін" деп болжайды. Ресми орган оқиғаға пікір білдірмеді.

Расталмаған деректерге сәйкес, биліктің екі өкілі Махмадкарим тұрған пәтерде "адам тұратын-тұрмайтынын білу үшін" есікті ұрғаннан кейін болған.

Марқұмның ағасының айтуынша, ол соңғы жылдары Вахдат қаласында көлік жөндеумен айналысқан. Пәтерде ол жолдастарымен бірге тұрған. Ол ешқашан әскери қызметін өтеген емес. Оған әскери коммисариатқа ресми шақыру да келген емес.

XS
SM
MD
LG