Қала әкімінің айтуынша, саябақтан берілген жерлерге қатысты шешімдердің бәрі жойылады.
«Біз жер бөлуге қатысты 124 шешімнің бәрін жоямыз. 43 га жерде 198 нысан қалады» деді ол.
Ататүрік саябағындағы жерлерді қала меншігіне қайтару әрекеті бұған дейін де қолға алғанған. 2018 жылы сол кездегі қала әкімі Әзиз Суракматов осындай бастама көтерген. Саябақтағы жерлер мәселесі Жогорку Кенеште де жиі көтерілген.
Бұған қоса, 2019 жылы Kloop.kg басылымы Ататүрік атындағы саябақтан кімдер жер алғаны туралы зерттеу жариялаған. Олардың ішінде шенеуніктер, кәсіпкерлер және депутаттар болған. Журналистер мәліметінше, 200-ге жуық адам саябақтан жер алған.