Ссылки доступа

Қырғыз билігі TikTok желісін шектеу әрекетін жалғастырып жатыр


Қырғызстанның цифрлық министрлігі жанындағы байланыс және бақылау қызметі елдің интернет-провайдерлеріне TикТок желісін шектеуді сұраған хат жолдады.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, аталған қызметке Ұлттық қауіпсіздік комитетінен хат келген. Онда TикТок "балалардың денсаулығына, физикалық, рухани дамуына зиян келтіріп жатқаны" айтылған.

Былтыр 30 тамызда елдің ақпарат министрлігі Қырғызстанда ТикТокты қолдануға тыйым салу жөнінде шешім қабылдаған.

Бұл шешімнен кейін TикТок желісінің билік органдармен байланыс және корпоративтік мәселелері жөніндегі Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша директоры Сергей Соколов билік өкілдерімен келіссөз жүргізу үшін Қырғызстанға келген.

XS
SM
MD
LG