Ссылки доступа

Ресейде ата-анасыз қалған 17 бала Өзбекстанға қайтарылды


Ресейде заңды өкілі (ата-анасы) жоқ 17 кәмелет жасқа толмаған бала Өзбекстанға қайтарылды. Бұл туралы Өзбекстан балалар омбудсмені хабарлады.

Омбудсмен мәліметінде ол балалар қандай себеппен қараусыз қалғаны айтылмаған.

Өзбекстанның Мәскеудегі елшілігі балаларға Өзбекстанға қайту үшін тегін сертификат берген.

Елге оралған балалар жақын туыстарына немесе балалар үйіне тапсырылады.

Бұған дейін Өзбекстанның ресми органдары 2022 жылы Өзбекстан Ресейден қараусыз қалған 50-ден астам бала қайтарылғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG