Ссылки доступа

Ташкентте мұғалім бірінші сынып оқушыларын инемен жазалаған


Ташкент қаласы Сергелі ауданындағы орта мектеп мұғалімі бірінші сынып оқушыларының денесіне ине тыққан. Осы оқиғадан кейін ұстаз жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Өзбекстан балалар омбудсмені хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, 16 сәуірде Ташкент қаласы Сергелі ауданында 277 орта мектептің 1-Е сыныбында білім алатын оқушылардың ата-аналары мектеп директорына арызданып барған. Олар сынып жетекшісі оқушыларды иненің, қағаз жыртқыштың көмегімен жазалағанын айтқан.

«Соған байланысты бірінші сынып жетекшісі С.Р. жұмыстан шығарылды» деп хабарлады балалар омбудсмені.

Қазір осы оқиғаны аудандық милиция тексеріп жатыр. Балалар омбудсмені істі бақылауға алған.

XS
SM
MD
LG