Ссылки доступа

Қырғызстан прокуратурасы Бішкек әкімдігінің Ататүрік саябағына қатысты шешімін тексереді


Қырғызстан бас прокуроры Құрманқұл Зулушевтің хабарлауынша, құзырлы орган астана билігінің Ататүрік саябағына қатысты шешімінің қаншалықты заңды екенін тексереді.

Бұл туралы ол Жогорку Кешен отырысында мәлімдеді. Депутаттар осы отырыста Бас прокуратураның 2023 жылғы есебін тыңдаған.

Зулушевтің айтуынша, Бішкек басшысы Айбек Жунушәлиев прокуратураның осы мәселені тексергенін қалаған. «Сот арқылы шешілетін мәселе көп» дейді Зулушев.

Естеріңізге сала кетейік, 16 сәуірде Бішкек әкімі Айбек Жунушәлиев Ататүрік саябағында заңсыз салынған жүзден астам ғимарат сүрілетінін хабарлаған. Бұған қоса, астана билігі осы саябақтан жер бөлуге қатысты 124 шешімнің күшін жоюды көздеп отыр.

12 сәуірде Бішкек әкімдігі Ататүрік саябағындағы 43 гектар жерді қала меншігіне қайтару жөнінде қаулы қабылдаған. Саябақтан жер алғандар арасында шенеуніктер, депутаттар және кәсіпкерлер бар.

XS
SM
MD
LG