Бұған қоса, аталған елдер босқын мәртебесін сұраған тәжіктердің құқықтарын құрметтеуі, тәжік үкіметінің саяси астары бар сұрауларының жетегінде кетпеуі тиіс.
Кейінгі екі айда Түркияда «24 топ» ұйымының жетекшісі мен мүшесі із-түссіз жоғалып кетті, ал саяси ұйымның бұрынғы бір белсендісі Литвада ұсталды.
HRW осы мәлімдемесінде Түркиядағы Сухроб Зафар мен Насимжон Шарифовтың, Литвадағы Сулаймон Давлатовтың істерін мысал ретінде келтірген. Үшеуі де «24 топ» ұйымының мүшесі.
Оппозициялық ұйым жетекшісі Сухроб Зафар биыл наурызда Стамбұлда із-түссіз жоғалып кетті. Оның алдында, ақпанда осы қалада Насимжон Шарифов жоғалды. Олардың қайда екені әлі күнге дейін белгісіз.
HRW мәлімдеуінше, оларды Тәжікстанға заңсыз алып кеткен болуы мүмкін. Тәжікстан мен Түркия билігі осы мәселеге қатысты ешқандай мәлімет бермей отыр.
Сулаймон Давлатов 5 сәуірде Вильнюста ұсталып, екі ай қамауға алынған.
Былтыр шетелдегі, соның ішінде Еуропа елдеріндегі бірнеше тәжіктстандық белсенді депортацияланған.
Атап айтқанда, Тәжікстанда тыйым салынған «24 топ» ұйымының бұрынғы мүшесі Билол Құрбонәлиев Германиядан, ұйымның тағы бір мүшесі Низомиддин Насриддинов Беларусьтан экстрадицияланған.