Ссылки доступа

Тәжікстанда жұбайларға өз үйінде шабуыл жасаған


17 сәуірге қараған түні Тәжікстанның Канибадам қаласына қарасты Гафуржон Ортиков ауылында тұратын ерлі-зайыптылардың өз үйінде өлтіріп кетті. Бұл жөнінде Озоди радиосы хабарлады.

Ақпаратты Канибадам әкімдігіндегі дереккөз растады.

"Ерлі-зайыпты Гафуржон Ортиков ауылының "Вокзал" аймағында тұрды. Әзірге оларға не себептен қол жұмсағаны белгісіз. Құқық қорғау органдары тексеріп жатыр", - деді дереккөз.

Канибадам қаласында орналасқан Соғды облысы жергілікті ішкі істер басқармасы бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатқанын білдірді.

"Оқиғаны қазір прокуратура тексеріп жатыр", - деді мекеме өкілі.

Марқұмдардың аты-жөні белгісіз.

XS
SM
MD
LG