Ақпаратқа сәйкес, НАТО мамандары аталған орталықтың техникасымен, оқу базасымен танысқан.
"Орталықта оқып жатқан курсанттар үшін НАТО-ға мүше елдердің сержанттарды дайындау бойынша бірқатар тренингтер ұйымдастырып, бұл тақырып бойынша өзара пікір алмасу болады. Бірлескен жаттығулар 20 сәуірге дейін жалғасады" - деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
Өзбекстан НАТО-мен әскери кадрларды дайындау бойынша терроризмге және басқа да халықаралық қауіптерге бағытталған "Бейбітшілік үшін даму" бағдарламасы аясында әріптестік етеді. Тараптар 1996 жылы ынтымақтастықтың алғашқы бағдарламасын бекіткен.