Депутаттар алдында сөйлеген Тәжікстанның мәдениет министрінің орынбасары Манучехр Шарифзода театрдың жаңа ғимаратының құрылысы үшін Душанбе билігі Маяковский көшесінен бір гектар жер бөлгенін білдірді.
Оның сөзінше, жаңа театр ғимаратына кететін барлық шығынды Ресей өзіне алады. Әзірге оған қанша қаржы жұмсалатыны және құрылысы қашан басталатыны белгісіз.
Маяковский атындағы орыс драма театрының ғимараты 2016 жылы сүріліп, шығармашылық топ уақытша басқа ғимаратқа көшірілген. 1928 жылы құрылған ғимарат Тәжікстан үшін тарихи оқиғалардың бірі болған.
Онда 1929 жылы депутаттардың алғашқы съезі өтіп, Тәжік ССР-і құрылғаны жарияланған. Бірақ ғимаратты бұл тарихи оқиға да сақтап қалған емес.