Ссылки доступа

Өзбекстанда аттракцион арқаны үзіліп кетіп, Қазақстанның екі азаматы зардап шекті


16 сәуірде Т ермез қаласындағы ойын-сауық саябағында орналасқан аттракцион арқаны үзіліп кетіп, төрт адам зардап шекті. Бұл туралы өндірістік қауіпсіздік жөніндегі комитеті хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, оқиға «Термез авеню парктегі» «Болажон» ойын-сауық саябағында болған. Бір аттракционның орындығы сынып кетіп, жерге құлап түскен. Соның салдарынан төрт адам зардап шеккен.

«Аттракцион маусым қарсаңында толық тексеруден өтпеген. Оның қауіпсіздігіне жауапты адам тағайындалмаған. Маусым ашылғанға дейін бұл аттракцион рұқсат пайдаланылған» деп хабарлады комитет.

11 және 15 жастағы екі қыз, сонымен бірге 27 және 29 жастағы екі жас келіншек зардап шеккен. Олардың екеуі Қазақстан азаматтары.

Жараланғандар Сурхандария ауруханасына түсті.

XS
SM
MD
LG