Мекеме мәліметінше, мемлекет меншігіне өткен нысандар саудаға шығарылған.
Бішкек, Ош және Ыстықкөл облысында орналасқан жер учаскелері мен пәтерлер ашық аукционда сатылады. Көлбаев пен Матраимов саудаға шығарылған активтерінің бастапқы бағасы 5 млн сомнан 150 млн сомға дейінгі аралықты қамтиды.
Бұрынғы кеденші Райымбек Матраимов қазір қамауда отыр. Наурыздың аяғында оны Әзербайжаннан Бішкекке жеткізген. Оның бауырлары – Руслан, Тілек және Исламбек Матраимовтар да ұсталған.
Тергеу нұсқасына қарағанда, Матраимов арнайы операция кезінде атып өлтірілген дөкей Қамшы Асанбекпен (Көлбаев) «жақын байланысы» бар болған, сонымен бірге шенеуніктер мен кеден қызметкерлерінен қылмыстық топ құрған.
ҰҚМК басшысы Қамшыбек Тәшиевтің хабарлауынша, бұрынғы кеденші 60 млн долларға жуық мүлкін «өз еркімен берген». Тәшиевтің есебінше, Матраимовтан 200 млн доллардың «мүлкі тәркіленуі тиіс».