ATACMS 300 шақырымға дейінгі қашықтықтағы нысанды жоя алады. Киев зымыранның осы үлгісін беруді бұрыннан бері сұрап келеді. Дегенмен, құжатқа сәйкес, АҚШ президенті, Құрама Штаттар мүдессіне қайшы деп санаса, алысқа ұшатын зымырандарын беру туралы шешімді кейінге қалдыра алады.
Джо Байден құжатты қолдап, Конгрестен оны тезірек қабылдауды сұраған.
Қауымдар палатасы заң жобасын 20 сәуірде дауысқа салады. Көмек топтамасы үш бөліктен тұрады: Украина, Израиль және Тайваньды қолдау. Әр топтама бойынша дауыс беру бөлек-бөлек өтеді. Заң жобасы Израильге 26 млрд доллар, Тайваньға 8 млрд доллар бөлуді қарастырады.