Ссылки доступа

Тәжікстан мен Өзбекстан әріптестік бойынша 28 құжатқа қол қойды


Бұл құжаттар Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Тәжікстанға мемлекеттік сапары аясында қол қойылған келісімдер, қаулылар, меморандумдар, жол карталары және әріптестік бағдарламалары болып есептеледі. Өзбек лидері Душанбеге екі күндік сапармен 18 сәуірде барған.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев екі ел арасындағы одақтас келісіміне қол қойды. Эмомали Рахмон журналистерге бұл келісімді дамытуға барынша атсалысатынын жеткізіп, өзбек тараппен келісімдер конструктивдті бағытта өткенін айтты.

Қол қойылған құжаттар шекара, тұтынушылар құқығын қорғау, өнеркәсіп, әуе байланысы, халықаралық жол байланысы, көпір салу, ауыл шаруашылығы, ветеринария және азық-түлік қауіпсіздігі, мәдениет, вирусология, микробиология, молекулярлық биология, эпидемиология, биотехнология және фармакология, туризм және несие мекемелері ісін бақылау салалары бойынша мамандарды дайындау қамтиды.

Тәжікстан президентінің сөзінше, соңғы 7 жылда екі ел арасындағы сауда айналымы көлемі 40 есеге өсіп, екі ел аймағында 400 бірлескен кәсіпорын істеп жатыр.

XS
SM
MD
LG