Ақпаратқа қарағанда, жабдықтар Өзбекстанның кеден комитетінің төрағасы Акмалхужи Мавлонов пен АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі Джонатан Хеник бастаған делегация мүшелерінің кездесуінде тапсырылған.
Биыл 18-19 сәуірде кеден комитеті қызметкерлері үшін СТ-40 тексеру кешенін нәтижелі пайдалану бойынша оқу-жаттығу өткізу жоспарланған.
Осыған дейін АҚШ Өзбекстанның шекара әскерлеріне бағасы 600 мың долларды құраған 225 дана FLIR инфрақызыл монокулярлық тепловизорларды бергені айтылған.