Ссылки доступа

Тәжікстан диқандары Қырғызстан биыл су береді деп үміттенеді


Тәжікстанның Қырғызстанмен шектесетін Соғды облысының диқандары қырғыз тарап су берсе, түсім жақсы болады деп болжайды.

"Бізге су керек. Мақта егіп қойғанбыз, бірақ су жоқ. Не істерімізді білмейміз. Бұрындары суды сәуір айында беретін. Биыл әлі берілмей жатыр. Былтыр да судан қиналдық. Биыл қалай болатынын білмейміз", - деді шекараға жақын Бобожон Гафуров ауданының шаруа төрағасы Анвархуджа Гадойхуджаев.

Бұл ауыл тұрғындары Қожа-Бақырған дариясынан баратын суды қолданады.

Былтыр су тартылысы салдарынан су бармай, егіннің көбі қурап қалған.

"Былтыр да су болмады. Жаңбыр да жаумады. Бір гектар жерден 300-400 келі дән алып, кеткен шығынның орнын жаба алмадық", - деді "Мәдениет" диқан шаруасының басшысы Хабибулло Турсункулов.

Тәжік диқандары Қырғызстан биыл су берсе, түсім мол болады деп үміттенеді.

Қырғыз президентінің Баткен облысындағы өкілі Абдикарим Алимбаев пен Соғды облысы басшысы Ражоббой Ахмадзода өткен апта кездесіп, су мәселесі да талқыланған.

XS
SM
MD
LG