Ақпаратқа қарағанда, мемлекеттік мекемелер мен компанияларда діни жоралғылар атқарған немесе сыртқы көріністері "өте діншіл" екені байқалатын қызметкерлерді анықтап, оларға ескерту беріліп жатыр.
Тілшінің хабарлауынша, бюджеттік мекемелерде істейтін қызметкерлерге сақал қоюға, әйелдерге хиджабпен жүруге тыйым салынып жатыр. Талапты орындамаған қызметкерлерге жұмыстан кету жөнінде арыз жаздырып жатыр.
Түркіменстанда Ресейдегі терактіден кейін қысым күшейген.
Түркіменстан билігі азаматтардың діни еркіндігін шектегені, дінді саяси мақсатта пайдаланғаны және басқа дін өкілдерін қуғындағаны үшін көп жылдардан бері халықаралық ұйымдардың сынына ұшырап келеді. АҚШ-тың әлемдегі дін еркіндігі бойынша баяндамасында Түркіменстан алаңдаушылық туғызатын елдер қатарына кіреді.