Дипломатиялық мекеме Түркияда өте кең таралған алаяқтық қылмыс түрлерін атады:
Интернет-сауда барысында тапсырыстан бас тартылған соң өзін заңгермін деп таныстыратын алаяқ тауар жеткізу ақысын талап ете бастайды;
Телефон арқылы өзін полиция немесе арнайы жасақ қызметкерімін деп таныстырып, есебіңізден шетелдегі қылмыскерге немесе террористік топқа ақша аудардың деп алдап, қылмыскерді ұстау үшін жаңа есепке ақша аударуды талап етеді.
Мұндай алаяқтар адамдардың мәліметтерін алып, оны психологиялық құрал ретінде пайдаланып, өтірігіне сендіру үшін қолданады.
«Отандастарымызға онлайн тапсырыстан бас тартқан уақытта тапсырысты белгіленген тәртіппен қайтаруды, телефонмен өзін полиция, сот немесе арнайы жасақ қызметкерімін деп таныстырғандарға жеке мәлімет бермеуді сұраймыз» деп хабарлады Өзбекстанның Түркиядағы бас консулдығы.