Ссылки доступа

Қырғызстанның Ош облысында сел жүруіне байланысты төтенше жағдай жарияланды


Қырғызстанның Ош облысындағы төрт ауданда сел жүруіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Осындай шешім 21 сәуірде облыс басшысы Эльибек Жантаев бастаған штабтың шұғыл отырысында қабылданды.

Бұл туралы облыс басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, облыста төтенше жағдай жариялау жөніндегі ұсынысты төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің Ош облысындағы өкілі Замир Эрмаматов айтқан, облыс басшысы оны қолдаған.

20 сәуірде Ош облысының Алай, Қара-Құлжа, Үзген және Қара-Суу аудандарында сел жүрді. Сел өңірдегі жауын-шашыннан болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, табиғат апатынан бір адам қаза болды. Оның автокөлігін жолда сел шайып кеткен. Сол автокөліктегі үш жолаушыны жергілікті тұрғындар құтқарған.

Министрлік сел салдарын жою жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG