Милиция мәліметінше, 21 сәуірде «Спринтер» автокөлігінің жүргізушісі Давлатмирзо Саидов пен оның кәмелет жасқа толмаған көмекшісі ұсталды.
Мәліметтерге қарағанда, Бободжон Ғафуров даңғылында жүргізуші жаяу жолаушыны жолдан өткізбей, көмекшісімен бірге жолда кетіп бара жатқан жас келіншекті балағаттаған.
Душанбе қоғамдық көлігінде кейінгі бір аптада осымен екінші мәрте шулы жанжал болып отыр. Бұның алдында, 17 сәуірде әлеуметтік желілерде троллейбу жүргізуші әйел мен автобус жүргізуші жанжалдасып қалғаны туралы видео тараған. «Спринтер» жүргізуші троллейбус жүргізуші әйелді балағаттаған.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, осы оқиғадан кейін автобус жүргізушісі он тәулікке ұсталып, жұмыстан шығарылған.
Қоғамдық көлік жүргізушілердің ерсі әрекеттері туралы шағымдар әлеуметтік желілерде жиі айтылып тұрады. Құқық қорғау органдары желі қолданушылардың шағымдарына құлақ асқанымен, мұндай жағдай азаймай отыр.