Ссылки доступа

Кэмерон: Қырғызстанның әріптесін таңдау құқығы болуы керек


Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қырғызстанның әріптесін таңдау құқығы болуы керек деп мәлімдеді. Ол бұл жөнінде Қырғызстанның сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен Бішкекте кездесуі кезінде айтты.

Кэмерон Қырғызстанның экономикалық салада негізі Қытаймен әріптес екенін, бірақ елде әріптесін таңдау құқығы болуы керек екенін атап өткен.

Кэмерон сөзінде Қырғызстанның су ресурсына бай екенін атап өтіп, климаттың өзгеруіне байланысты экологиялық жобаларға қолдау көрсетуі қажет екенін жеткізген. Осы мақсатта Ұлыбритания орта және шағын кәсіпті қолдау үшін инвестициялық қор құратынын айтқан.

Бұдан бөлек ол Бішкектегі спорт алаңын салуға британдық компания қатысып жатқанын да атап өткен.

Дэвид Кэмерон Қырғызстанға сапарында ел президенті Садыр Жапаровпен де кездесті.

Президент әкімшілігінің хабарлауынша, тараптар қырғыз-британ қарым-қатынасы жайлы сөз қозғаған.

Бұдан бөлек білім мәселесі мен маусымдық еңбек миграциясы жайлы да талқылаған.

Бұл Ұлыбритания сыртқы істер министрінің Қырғызстанға бірінші сапары.

Осы аптада Кэмерон Орталық Азияның бес еліне және Моңғолияға барады. Ол сапарын Тәжікстаннан бастаған.

XS
SM
MD
LG