Ссылки доступа

Өзбекстанда автобуста әйелге тиіскен ер адам 15 тәулікке қамалды


Өзбекстанда 45 жастағы ер адам Термез-Ташкент бағытындағы автобуста жанында ұйықтап қалған әйелге тиіскені үшін 15 тәулікке қамалды.

Тергеу мәліметіне сәйкес, оқиға 2023 жылдың қараша айында болған.

Әйелдің айтуынша, ер адам төсін ұстаған. Ол оянып кетіп, қарсылық көрсеткен.

Сотта ер адам әйелдің омырауына қолы байқаусызда тиіп кеткенін айтқан. Әйел бұдан бөлек шара қолдануға асықпаған құқық қорғау қызметкерлері өкілдеріне шағымданған.

Сот күдіктіні "ұсақ бұзақылық" және "сексуалдық әлімжеттік" баптары бойынша кінәлі деп тапты. Ол 15 тәулікке қамауға алынды.

XS
SM
MD
LG