Ссылки доступа

Ресейден көп су келуіне байланысты Қазақстанның батысында жағдай қиындады


Ресейде Жайық өзені бойындағы Иректі су қоймасынан көп су ағып жатқанына байланысты Қазақстанның батысында жағдай қиындай түсті. Қазақстан төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің сейсенбідегі баяндамасында осылай деп жазылған.

Атап айтқанда, Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынымен күрес жүріп жатқаны хабарланды.

Абай, Ұлытау, Павлодар, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарындағы жағдай тұрақты деп бағаланған. Министрлік мәліметінше, осы өңірлерде жергілікті өзендер біршама тартылған. Елдімекендерді су басу қауіпі жоқ.

Қазір құтқарушылар төтенше жағдай аймақтарындағы елдімекендер тұрғындарына көмектесумен айналысып жүр. Су жеткізу, электр энергиясын қалпына келтіру, көлік қатынасын жолға қою мәселелері шешіліп жатыр.

Бес мыңнан астам үй, 16 мыңнан астам саяжай үйі және бір мың аула, сонымен бірге 91 ғимарат суда тұр.

«Табиғат апатының салдары орасан зор, елдімекендер қатты зардап шекті. Он облыста жергілікті деңгейдегі 41 төтенше жағдай жарияланды. Абай және Павлодар облыстарындағы үш ауданда төтенше жағдай алып тасталынды» дейді үкімет отырысында баяндама жасаған төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Бауыржан Сыздықов.

Ресми мәлімет бойынша, су басқан аймақтардан 119 мыңнан астам адам эвакуацияланған, олардың арасында 44 мыңнан астам бала бар.

Су тасықын салдарын жоюға 32 мыңнан астам қатысады. Бес мың данадан астам техника, 310 қайық және 13 тікұшақ пайдаланылады.

XS
SM
MD
LG