Ол таулы және тау етегінде тұратын тұрғындарды, сонымен бірге таулы аймаққа баратын туристерді сақ болуға шақырды.
Соңғы күндері Өзбекстанмен шектесетін Қырғызстан, Қазақстан және Тәжікстанда да нөсер жаңбырдан сел жүріп, ауыл-аймақты су басты.
20-21-22 сәуір күндері қатты нөсерден Қырғызстанның Ош, Жалал-Абад және Талас облыстарының бірқатар аумағында сел жүріп, ондаған үйді су басқан. Бірқатар жолдар жабылды. Бұған байланысты төтенше жағдай жарияланды.