Арнайы қызмет оны 22 сәуірде қамаған. Мекеме мәліметінше, кәсіпкер Қырғызстан шекарасын Қазақстан арқылы заңсыз кесіп өткен соң, Шу облысы Панфилов ауданы Қайыңды ауылында ұсталған.
Имамидин Ташов муниципалды меншікті заңсыз беруге және пайдалануға байланысты қозғалған қылмыстық істің аясында 2023 жылдың қазанында ұсталып, 52 млн сом төлеген соң, үйқамаққа босатылған.
2024 жылдың 9 қаңтарында әлеуметтік желіде Имамидин Ташовтың үндеуі жарияланған. Онда ол былтыр 27 желтоқсанда ҰҚМК қызметкерлері өзін күшпен алып кетіп, сегіз күн белгісіз аймақта қамап отырғанын, 100 миллион сом талап еткенін айтқан. ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиев мұны теріске шығарды.
Келесі күні "KG Group" құрылыс компаниясының жетекшісі Имамидин Ташовқа "Билікті күшпен тартып алу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, оған іздеу жарияланған.