Мәлімдемеде 24 сәуірде Еуропа елдерінің әр аймағындаа тұрып жатқан "Группа 24" тобының өкілдері үкіметке қарсы үнін естірту үшін Италия астанасына барған.
Онда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 22 сәуірде ресми сапармен барған.
Белсенділер Рахмонның сапары аяқталғанша абақтыда отырмақ. 26 сәуірде Тәжікстан президентінің Ватиканға сапары жоспарланған.
"Группа 24" тобы Италия полициясынан белсенділерін шұғыл түрде босатуды талап еті.
Эмомали Рахмонның Литваға сапары аясында да тәжік оппозициясы сол елде наразылық акциясын өткізген.
23 сәуірде Римде Тәжікстанның ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода италиялық әріптесі Маттео Пьянтедозимен кездескен. Тәжікстан құқық қорғау органдарының сайтында "кездесу барысында іздеуде жүрген азаматтарды экстрадициялау" мәселесі деп көтерілген.
Италия полициясы 8 сәуірде Рим әуежайында Тәжікстан азаматтарын ұстағанын мәлімдеген. Ондағы мәлімет бойынша, Илхом Сайрахмонзода 2014 жылы Сирияға барып, "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына қосылған. Ол 2018 жылдан бері іздеуде жүр.