Ссылки доступа

Қырғыз арнайы қызметі коррупция күдігімен бес салық қызметкерін ұстады


Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) кеден қызметінің бес бірдей өкілін ұстағанын мәлімдеді.

Арнайы қызметтің мәліметі бойынша, күдіктілер жүйелі түрде коррупциялық әрекетке барған.

"Аталған қызметкерлер кәсіпкерлердің мәселесін тез шешіп беру үшін ақша алып отырған және салықтан жалтаруды да өзгелерге үйретіп келген", - деп хабарлайды ҰҚМК.

ҰҚМК кеден қызметінің өкілдерін ұстау жағдайы бірінші рет емес. Былтыр желтоқсан айында дәл осында жағдай орын алған. "Дордой" базарында салық жинаумен айланысқан бес адам да коррупция күдігімен ұсталған.

XS
SM
MD
LG