Ссылки доступа

Ресей-Қазақстан шекарасынан тәжік нөмірлі ондаған автокөлік өте алмай тұр


Десятки машин с таджикскими номерами застряли на российско-казахской границе
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:10 0:00

22 сәуірде орыс-қазақ шекарасындағы «Сагарчин» бақылау-өткізу бекетінде тәжік нөмірлі ондаған автокөлік тұрып қалды.

Автокөлік жүргізушілер Азаттықтың Тәжік қызметіне видео жолдап, 180-ге жуық көлік шекарадан өте алмай тұрғанын хабарлады. Олар екі мемлекет арасындағы бейтарап аймақтан Ресей аумағына кіруге рұқсат күтіп тұр.

Жүргізушілер автокөлікте түнеуге мәжбүр. «Көліктер үш қатарда тізіліп тұр. Бәрі тәжік нөмірлі автокөліктер. Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан автокөліктерін еш қиындықсыз өткізіп жатыр» деп хабарлады тәжік азаматы.

Оның айтуынша, Орынбор облысындағы шекара бекетінде тәжік азаматтарын мұқият тексеріп жатыр.

«Тәжікстанның әрбір азаматын бір сағат тергейді, телефондарын тексереді. Сапар себебін сұрайды. Қазір күн суық, жаңбыр жауып тұр, адамдар көлікте отыр. Ресей аумағына кіру қиындап кетті».

14 жасқа дейінгі балалар мен 60-тан асқан қарттар Ресейге қосымша тексерусіз кіріп жатыр.

«Бір тәулікте он автокөлік қана өтеді. Мұнда жағдай жасалмаған, әжетхана жоқ, әйелдер мен балаларды орналастыратын жер жоқ. Адамдар бірнеше тәуліктен бері күтіп тұр» дейді шекарадан өте алмай тұрған жолаушылардың бірі.

Тәжікстан азаматтарының дені Ресейге Қазақстан арқылы құрлықпен барады. Жолаушылар шекарадағы жағдайды Тәжікстанның Ресейдегі елшілігіне хабарлаған. Олар көмектесуге уәде берген, бірақ әзірге ештеңе өзгермеген. Тәжікстан елшілігінің өкілдері осы мәселеге қатысты мәлімет бермеді.

«Крокустағы» шабуылдан кейін әлемнің көптеген елінде тәжікстандықтарға көзқарас күрт өзгерді. Жақында Грузия шекарашылары бірнеше тәжік азаматын елге кіргізбей қойды, ал 20 сәуірден бастап Түркия Тәжікстанмен визасыз жүйені жойды.

XS
SM
MD
LG