Сот Аранованы 120 мың сом айыппұл төлеуге міндеттеп, қамаудан босатты. «Қамауда ұстау шарасы жойылды, ол сот залында босатылды, ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды» деп хабарлады сот.
Белсенді Қаныкей Аранова 2024 жылғы 1 ақпанда Мәскеуде ұсталды. Содан кейін оны 11 жастағы қызымен бірге Қырғызстанға жеткізді.
Аранова әлеуметтік желілерде танылған белсенді. 2022 жылғы күзде оны жауапқа тартқан. Милиция белсендіні блогер деп атаған. Сол кезде ол Кемпір-Абад су қоймасы жерлерін беру мәселесіне қатысты пікірін айтқан. Үзген аудандық соты белсендіні «ұсақ бұзақылығы» үшін қоғамдық жұмысқа тартқан.