Ссылки доступа

«24 топ»: Италия полициясы ұйымның ұсталған белсенділерін босатты


Тәжікстанда тыйым салынған «24 топ» ұйымының хабарлауынша, 24 сәуірде кешке Италия полициясы оппозициялық ұйымның сегіз белсендісін босатты.

Олар 23 сәуірде Римде ұсталған. Белсенділер тәжік президенті Эмомали Рахмонның Италияға келуіне байланысты үкіметке қарсы акция ұйымдастырмақ болған.

«24 топ» ұйымының мәлімдеуінше, олардың бәрі Тәжікстан билігінің сұрауымен ұсталған, бірақ тексеру кезінде «ешкім заң бұзбағаны анықталып, бәрі босатылған».

Италия полициясы мен Тәжікстан билігінен осы мәселе жөнінде мәлімет алу мүмкін болмай отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 22 сәуірде ресми сапармен Италияға барды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, Тәжікстан президенті 26 сәуірде Ватиканда болады.

XS
SM
MD
LG