Мекеме мәліметіне қарағанда, Ауғанстанның Балх провинциясына облыс басшысы Улугбек Касымов бастаған топ сегіз жүк көлігіне тиелген көмекті алып кеткен.
Гуманитарлық көмектің құрамында 48 тонна ұн, 48 тонна бидай, 15 мың литр өсімдік майы, 10 тонна ет консервасы, 24 тонна қант, 22 тонна макарон және 100 мың дана тез дайындалатын кеспе бар.
2021 жылы тамызда Кабулдағы билікті тәліптер басып алғалы бері Өзбекстан Ауғанстанға бірнеше рет гуманитарлық көмек жөнелткен.
Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізу үшін Өзбекстанның Сұрхандария облысында Termez Cargo Centre деп аталған ірі логистикалық терминал құрылған. Ол арқылы Ауғанстанға БҰҰ бірнеше рет көмек жөнелткен.