Үй иесінің бірі Талантбек Исманов Ресейге барып жұмыс істеп, саябақтан үй салу үшін жер сатып алып, үй соққанын айтады. Ал Бурул Рысалиева есімді тұрғын саябақтың жерлерін басып алды деген мәліметті теріске шығарады. Оның сөзінше, күйеуі Ресейде жұмыс істеп, соның тапқан ақшасына жер сатып алған.
Тұрғындардың бірі Толгонай Султанованың айтуынша, үйді сатып алған кезде, егер бұл жерлер заңсыз болып есептелсе, сату-сатып алу процесі кезінде мемлекеттік органдар ескертуі тиіс болған. Бірақ олар заңды, ресми құжаттар алған.
12 сәуірде Бішкек әкімдігі Ататүрік саябағындағы құрылысқа деп бөлінген 43 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде қаулы шығарған.
Құжатқа сәйкес, саябақтың 107 гектар жері 1992 жылдың 25 маусымындағы Бішкек қаласы қаулысында бекітілген.
Кейін Бішкек әкімі Айбек Жунушалиев саябақтағы 100-ден астам заңсыз салынған нысанды сүретінін мәлімдеді. Оның сөзінше, әкімдік қаулысына сәйкес, осыған дейінгі атқарушы органдардың барлық шешімінің күші жойылады.