Ссылки доступа

Кэмерон: Ұлыбритания Қазақстанмен әріптестікті тереңдетуді қалайды


Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон 25 сәуірде Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстанмен әріптестік қарым-қатынас тереңдей түскенін қалайтынын мәлімдеді.

Кэмеронның айтуынша, Қазақстан Ресей және Қытаймен қазіргі қарым-қатынасын сақтай отырып, Ұлыбританиямен осындай әріптестік орната алады.

«Менің ойымша, білім, бизнес, экономика, сауда, саяси байланыс салаларында жақсы әріптестік қарым-қатынас орнаған. 13 жыл бұрын осында алғаш келгелі бергі уақытта ол үнемі дамығанын байқап отырмын. Біз ерікті әріптеспіз. Қаласаңыз, сіз де осындай таңдау жасай аласыз» дейді Дэвид Кэмерон.

Ұлыбритания СІМ басшысының хабарлауынша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен 24 сәуірде кездескен уақытта заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару мәселесі талқыланған. «Ол ақшаны тауып, қайтару үшін бірге жұмыс істейтініміз өте маңызды».

Осы аптада Дэвид Кэмерон Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстан басшыларымен келіссөз жүргізген. Жүздесулер оның Орталық Азия елдеріне дипломатиялық сапары аясында өткен. Дэвид Кэмерон әрі қарай Моңғолияға баруды көздеп отыр.

XS
SM
MD
LG