Ссылки доступа

Қырғызстанның тағы 66 азаматы Англияға жұмысқа барады


Қырғызстанның Ұлыбританияға жұмысқа тұру үшін еңбек келісіміне ие болған азаматтары еңбең министрлігінде оқыды.

Оларға ағылшын заңдары, салығы, жалақы көлемі, сонымен бірге тарихы мен мәдениеті туралы мәлімет берілді. Бұған қоса, Қырғызстанның Ұлыбританиядағы консулдығы қызметінің және басқа да мекемелердің байланыс телефондары айтылды.

Министрлік мәліметінше, 66 қырғызстандық Англияға Hops Labor Ltd операторы арқылы барады. Осы жұмысқа тұруға 26 мың қырғызстандық өтініш тапсырған.

Министрлік жанындағы жұмыспен қамту орталығының жетекшісі Қайрат Жақыпов отандастарды ағылшын заңдары мен виза талаптарын қатаң орындауға, сонымен бірге Қырғызстанның халықаралық аренадағы беделін түсірмеуге кеңес берді.

Украинада соғыс басталғалы бері қырғыз мигранттары Ресейден кетіп, Батыс елдеріне жұмысқа баруға талпынып жүр.

XS
SM
MD
LG