Ссылки доступа

Зерттеу: Газды қымбатқа жеткізіп, миллиондаған доллар тапқан компанияның Мирзияев отбасымен байланысы бар


Ultimo Group Limited компаниясындағы акцияларын анасының атына тіркеген Дилер Каюмов қазір "Ташкент Сити Молл" сауда орталығында директор болып отыр. Оның президент Мирзияевтің күйеу баласы Отабек Умаровпен байланысы бар.
Ultimo Group Limited компаниясындағы акцияларын анасының атына тіркеген Дилер Каюмов қазір "Ташкент Сити Молл" сауда орталығында директор болып отыр. Оның президент Мирзияевтің күйеу баласы Отабек Умаровпен байланысы бар.

Азаттықтың Өзбек қызметінің зерттеуінде Өзбекстан президентінің отбасымен байланысы бар компания құны 100 миллион доллардан асатын мемлекеттік келісім-шарттарға құпия отырғаны айтылған.

Олардың арасында елдегі ірі цемент зауытына қымбат бағамен газ жеткізу жөніндегі көлемді келісім бар.

Мемлекеттің Ultimo Group Limited компаниясы мен Өзбекстандағы Qizilqumsement зауытымен арадаға келісімге отыру наразылық пен көптеген сұрақ туғызды. Зерттеуде айтылғандай, президент Шавкат Мирзияев туыстарының әріптестері газ жеткізу жөніндегі мемлекеттік келісім-шартқа ие болған. Құжат құны 36 миллион доллардан кем емес. Келісімде газ бағасының асырып көрсетілуі, компанияның күдікті трансшекаралық желілермен байланысы күдік туғызды. Мұндай желілердің кеңселері Нью-Йорктен басталып, Дубай және Гонконгке дейінгі аралықтағы кең аймақта орналасқан.

Ultimo Group компаниясының Мирзияевтің күйеу баласы Отабек Умаров басқаратын компаниямен байланысы бары анықталды. Осы желідегі басты адам Әзизжон Комилов президент күйеу баласының сенімді өкілі екені мәлім.

Бұған дейінгі зерттеулерде Умаров айналасындағы адамдар Мирзияев үкіметінің қолдауымен әжептәуір капитал жинағаны әшкереленген.

Ultimo Group Ташкентте 2021 жылғы наурызда тіркелген, бірнеше айдан кейін-ақ газ жеткізуге мемлекеттік келісім-шартқа ие болған. Алайда компанияның жұмыс істеп тұрған вебсайты жоқ, ал оның шартты қожайындарының бірі ретінде бизнеспен ешқашан айналыспаған бір зейнеткер әйел белгіленген.

(зерттеудің толық нұсқасымен мына сілтемеге өту арқылы танысыңыз)

XS
SM
MD
LG