Ол адамдарды терезе жақтауына алып шығып, одан кейін олар төтенше жағдай қызметінің құтқару сатысымен төмен түскен.
Оқиға 25 сәуірде таңертең Подольская көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Ертесі Санкт-Петербургтың Адмиралтейский ауданы басшысы Сергей Оверчук Олимжон Ибрагимовқа ауданның көріністері түсірілген суретті сыйға тартты.
Ол жеті жылдан бері отбасымен Ресейде тұрады. Бұл жаққа әскери зейнетке шыққаннан кейін көшіп келген. Әйелі мен қызы да көше сыпырушы болып істейді.
Олимжон Ибрагимов бір жарым жыл бұрын да Верейская көшесінде шыққан өрттен бір әйелді құтқарғанын айтты. Онда оған грамота берген.
"Көмек беру міндетіміз. Құдай бізді бақылап тұрады... Біз бұл жердегі адамдарға көп көмек көрсетесіз...Бірінше мұздатқышты көтеріп кіруге, енді біріне жарамай қалған бұйымдарды шығаруға көмектесеміз. Менің телефон нөмерім есіктің алдында ілулі тұрады", - деді ол.
Өрт кезінде жалпы 10 адам, сонымен бірге мысық, ит құтқарылған.