"Өзбекстан Орталық Азия аймағын сыртқы саясатта басты басымдық ретінде алады және аталған аймақта қауіпсіздік, сенім және бейбітшілік кеңістігін сақтап тұруға бар күшін салады. Бірақ бүгін өкінішке қарай, бұл аймақтың елдері қысым көріп жатыр, өзінің ұлттық мүддесін есепке алмастан таңдау жасауға мәжбүрлеп келеді", - деді Махмудов.
Өзбекстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы бұл мәлімдемесін Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронның Орталық Азия елдеріне сапарынан кейін жасады.
Кэмерон Бішкекке барған сапары кезінде Азаттық радиосына сұқбат беріп, онда президент Садыр Жапаровпен Қырғызстанда сөз бостандығы ахуалы нашарлап кеткенін және Ресейдің Украинаға "заңсыз басқыншылық жасағаны" жайлы сөз болғанын жеткізген.
Санкт-Петербургте өткен конференция кезінде терроризмге қарсы күрес тақырыбынан бөлек, ақпараттық қауіпсіздік, ұлттық кімдігі және дәстүрлі құндылықтарды сақтау мәселесі сөз болған.