Өзбекстан жұмыспен қамту және кедкейлікты азайту жөніндегі министрлігінің хабарлауынша, Volkswagen зауыты Өзбекстаннан 18-45 жас аралығындағы 240 маманды жұмысқа қабылдауға дайын.
Мәліметтерге қарағанда, жұмысшылар премиум-классқа жататын автокөліктер өндіреді.
Үміткерлер қатынас құралы ретінде орыс тілін білуі тиіс. Олар үш ауысыммен жұмыс істейді. Айлық 1200-1600 еуро.
Volvo компаниясы Өзбекстаннан жүк көліктерін басқаратын 150 жүргізушіні қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.
Жүргізушілер де қатынас құралы ретінде орыс тілін білуі керек. 18-45 жас аралығындағы азаматтардың С және E санатындағы жүргізу куәлігі болуы тиіс. Оларға 1700-2400 еуро көлемінде айлық тағайындалады.
Биыл сәуір айында президент кәсіби мамандық және тіл куәліктерін алған еңбек мигранттарының шығынын мемлекет көтеретіні жөнінде жарлық қабылдаған.