Ссылки доступа

Мирзияев мемлекеттік мекемелерді Жаңа Ташкентке көшіруді тапсырды

Өзбекстанның мемлекеттік органдары Жаңа Ташкент аймағына көшіріледі. Бұл жөнінде ел президенті Шавкат Мирзияев қол қойған "Мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту бойынша қосымша шаралар жөніндегі" бұйрықта жазылған.

Президент бұл жарлыққа сәйкес, мемлекеттік мекемелерді жаңа әкімшілік қалаға көшіруге үш ай уақыт берген.

Шавкат Мирзияев Жаңа Ташкент құратынын 2021 жылы мәлімдеп, оның құрылысы 2023 жылдың наурыз айында басталған. Ташкент қаласының өзі жасыл аймаққа айналатынын жеткізген.

"Жаңа Ташкент" жобасының аясында 20 гектар жерге жалпы 1 миллион адамға лайықталған ғимраттар, оның ішінде 60 мың адам үшін көп қабатты үйлер, 30 мектеп, 20 балабақша, аурухана және 5 емхана салу қарастырылған.

XS
SM
MD
LG